Мақсаты: Жаңа жыл мерекесіне байланысты ән, тақпақ, би үйрету, ойын ойнатқызу. Мерекемен таңыстыру, Жаңа жыл мерекесіне қызығушылығын дамыту.
Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық
Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін.
Біздің бүлдіршіндер сіздерге ән салып береді.
Ән «Ақшақар» хормен айтылады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Соны шешесіңдер ме?
Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/
Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар...
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
/Балалармен амандасады/
Аяз Ата: Рахмет, рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер/. Ақшақар басын көтермей тұрады/.
Жүргізуші: Құрметті, Ақшақар! Балалар сіздерге арнап би дайындады. Мүмкін соны бақылармыз.
Ақшақар: Жарайды, олай болатын болса, балалардың биін бақылайық.
Би: «Шапалақтар»
Аяз Ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Би: «Джингл Белс »
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2025 - шы жаңа жылға арналғанмерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!
