Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз Атаның, Ақшақардың, балалардың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Ертеңгілік барысы: Зал іші әдемі безендірілген. Ортада әдемі шырша. Әсем әуенмен әдемі киінген балалар.
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін!
Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Ертеңгілімізді бастамас бұрын балабақшамыздың меңгерушісі Дамира Жылсайыноваға құттықтау сөз беріледі.
Ендеше ертеңгілімізді бастайық…
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға ән айытп берейік
«Шырша» әні қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата – аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда,
Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын қапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім. Шын тілеген ниеттеріңнің арқасында Ақша қар екеуіміз сонау солтүстүтіктен бұғымызға шанамызды жеге салып келіп тұрмыз.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер төрлетіңіздер! Біз балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар!
Балаларымыздың жаңа жылға арнаған тақпақтарын бар екен…
Амир
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Айбибі
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда – жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Фатима
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді!
Сырым
Тамаша. Тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Аяз ата: Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.
Сыйлықтар беріледі.
«Шыршаға бардық» әнің қабыл алыңыздар!
Жүргізуші ;Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Мың бұралған бишіміз
БИ; Аяз ата
Жарайсыңдар балалар
Аяз атамен ақшақар қоштасып кетеді.
Осымен ертеңгілініміз аяқталды.
