Балалар безендірілген залға кіреді. Дөңгелене тұрады.
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздік туын алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік»атты ертеңгілігімізді өткізбекпіз.
Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан - ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндеріміз ертеңгілікті ән ұранмен ашады.
Әнұран айтылады.
Жүргізуші:
Асем:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Диас:
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі
Айша
Ән ұраным, жан ұраным
Айтар әнім, айтар сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Жеке ән: Менің Отаным
Орындайтындар: Алтынай, Диас, Әсем, Бақдаулет, Айғаным
Би: «Батырлар»Мейірлан, Бекжан, Диас
Мерейім
16 - желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Мерекеде ел қуанып
Шаттанып ән салған күн
Бақдаулет:
Тегеурінді соққыларды жайратқан
Ақша қарда судай ақты қайнап қан
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айырларым Ләззат, Ербол, Қайраттан
Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.
Хор «Солдат болам мен ертең»
Осымен тәуелсіздік күніне арналған Жұлдызай тобының ертеңгілігі аяқталды, көңіл бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын
